Адалдық сағаты

5 қараша күні Көктөбе орта мектебінде «Адалдық сағаты» өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы түсіндіріліп, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін үйрету болып табылады.
Май ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері Түйебаев Нурлан Амантайұлы қатысып, адалдық туралы ойларымен бөлісті.
“Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.«Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.