Баланың тұлға ретiнде қалыптасуына  әсер етушi факторлар

 

Рухани-адамгершілік білім беру жобасы «Өзін-өзі тану» курсы болашақ ұрпақты рухани бастау мен азаматтың адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге жетелейді.

Бағдарламаның мақсаты:

Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы баланың рухани жан дүниесін байыту.

«Өзін-өзі тану» курсын мемлекеттік тілдегі мектептерге еңгізудің өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Берілген сабақтардың мазмұны халық педагогикасына негізделген;
  • Сабақтарды оқыту интерактивті әдіс негізінде құрастырылған;
  • «Өзін-өзі тану» курсы басқа пәндермен тығыз байланысты;
  • бала өзімен өзі, отбасымен, айналадағы адамдар мен бірге өмір сүре білуге дағдыланады.

Болашақ ұрпақ тәрбиесі отбасынан бастау алары анық.Дүние есігін ашқан сәбидің болашақта отбасындағы, қоғамдағы алатын орны, оның мінезі, іс-әрекеті, пікірі, адамдармен қарым-қатынасымен анықталады. Ал бойындағы қасиеттер тәрбие ықпалы арқылы қалыптасады.Баласының алғашқы ұстазы, өмірдегі қолдаушысы ретінде ата-ана қаншалықты оның бойына адамгершілік, рухани қасиеттерді сіңіріп, жеке дара  ерекшеліктерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне қаншалықты ықпал етті. Ата-ана баласына тек отбасының кішкентай ерке, не тек көмек қажет ететін мүшесі ретінде қарамай,оның отбасының маңызды мүшесі, өз орны мен құндылығы, міндеті мен пікірі бар мүшесі ретінде қабылдап, баланың өзін осылай сезінуіне ықпал етулері қажет. Мектептің бала    тәрбиеінде отбасымен ортақ мақсатқа бірігіп әрекеттесуі оң нәтижеге  әкелері анық. Ата-анасының бір-біріне, туған-туысқандарына, көршілері, жора-жолдастарымен қарым-қатынасы, көзқарас, пікірін  бала өте байқағыштықпен бақылап, сезімталдықпен ұғынады, өз ойына түйіп,  санасына жинатай береді. Тіпті айналадағы, құбылыс, жағдайларға білдірген пікірі  терең із қалдырады.

Сондықтан ата-аналардың бала бойындағы өзгерістер мен жас ерекшелік өзгешелігін түсініп,сәйкес тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қолдана білуі қажет.

Көптеген отбасының бала тәрбиесі мәселелерінің маңыздылығына, тереңдігіне бойлай бермейтіні сөзсіз. Сондықтан мектептегі «Өзін-өзі тану»эксперименті аясында ата-аналармен семинар, конференциялар өткізіліп, «Өзін-өзі тану»пәнінің философиясын, мақсат, міндеттерімен таныстырылды. Отбасының мектеп өміріне жақын болуы, баланы түсініп, дамуына ықпал етуі артады. Мектептегі тәрбие жұмысына көмектесуі, өзара ықтымақтастық қарым-қатынасында болуына әсер етеді. Мектепте баланың дамуына, есеюіне сіңірген адамгершілік, рухани байлықтың қалыптасуына, қоғамда өз жалғасын табуына ықпал етеді.

 

 

АТА-АНАЛАРҒА  АРНАЛҒАН

 

Сіздің үйдегі сүйіспеншілік – сіздің барлық өміріңіздің негізі

Отбасы деген не? Аңғал сұрақ, солай емес пе? Барлығына еш түсіндірусіз анық ұғым. «Нан» мен «су» сөздері түсіндіруді қажет етпейтіндей, бұл ұғым да саналы өмірдің алғашқы сәтінен бастап сіңе бастайды. Отбасы – бұл үй, күйеуі мен әйелі, ата-ана мен балалар, әжелер мен аталар. Бұл – махаббат пен қамқорлық, еңбектер мен қуаныштар, бақытсыздықтар мен қайғылар, бұл – әдеттер мен мәңгі жаңару…

Далай-Лама былай деген еді: «Сіздің үйіңіздегі сүйіспеншілік – сіздің барлық өміріңіздің негізі». Неге оның айтқаны дұрыс?.. Қамқорлық мұхитының кез келген өмірлік дауылында сіз өз үйіңізге зәкір лақтыра алатындығыңызды білесіз. Бұл – идиллия емес, бұл – үйіңіз сүйіспеншілік пен түсіністікке толы болғандағы өміріңіздің шынайы бейнесі. Алайда, бұл өмірде барлығы симметриялы екендігін ұмытпаңыз, сіз қаншалықты өз отбасыңызға сүйіспеншілік сыйласаңыз – соншалықты олардан алатын боласыз.

Әр адамның отбасысы қанша адамнан тұратындығына қарамастан, қауіпсіз, жайлы, жанға жағымды және жылуға, сүйіспеншілік пен жақсылыққа толы орын болуы қажет. Біз  барлығымыз әртүрлі әлеуметтік рөлдерде ойнаймыз, кейде өзімізге жағымсыз жерлерде болуға, мінез-құлықтары мен өмір салты әртүрлі адамдармен кездесуге мәжбүрліміз. Алайда, ұзақ кездесуден кейін, жемісті кәсіби қызметтен соң бізге демалыс керек, яғни өз «қорғаныңда» күш жинап, тынышталып, өзіңе және өзіңнің сүйіктілеріңе уақыт бөлуіңіз қажет. Өйткені отбасы – бұл біздің өз-өзімізбен бола алатын кеңістігіміз, әрдайым бізбен қалатын жағдай. Бұл – жылы да тәтті иіс орны. Бұл – тіпті алыстан демеп, қолдайтын біздің ең жақын адамдарымыз бен туған бауырларымыз! Бұл – бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын адамдар…

Сондай-ақ, «отбасы балалардан басталады». Сіздің балаңыз – бұл өзінің қызығушылығы мен өмірлік идеалдары бар жеке тұлға, тіпті бұл қызығушылықтар мен идеалдар сіздің ойыңызша аса дұрыс болмаса да. Баланың сыртқы әлеммен қарым-қатынасына аз араласуға тырысыңыз. Оған оның ішкі сырын бөлісетін, кеңес беретін немесе көмек ұсынатын досы бола біліңіз. Балалардың қате жасауына қорықпаңыз. Себебі тек қателер ғана ең маңызды өмірлік ұстаздар болып табылады. Өз балаларыңызға сенім артуға тырысыңыз. Және ең бастысы әрі негізгісі – балаларыңызды жақсы көріңіз. Оларды құлай жақсы көріңіз, орнына ешнәрсені талап етпеңіз. Тек осы жағдайда ғана сіздің осы өмірге әкелген балаңыз бұл әлемнің тең құқылы, еркін, толыққанды азаматы бола алады. Өйткені отбасы – бұл ананың күлімсіреуі мен әкенің демеуі, әр адамды нағыз БАҚЫТТЫ ете алатын ең жақсысы.

 

 

«Отбасылық әліппенің» 10 алтын ережесі

1.Отбасы «Біз» деген есімдіктен басталуы қажет. Өйткені сізде барлығы ортақ және барлығын «Біз үшін» жоспарлап, жасауымыз қажет қой.

2.Отбасылық қарым-қатынас өзара сенім арқылы құрылады. Айналадағылардың сіздің жартыңыз туралы не айтса да, бір-бірлеріңізге сенім білдіріңіздер. Сүйгеніне өзі өтірік айтатын адам ғана сенбейді.

3.Бір-біріңізге қошемет айтудан аянбаңыз, ықыласпен қараңыздар. «Әйелдер құлақпен сүйеді» деген сөз бар. Еркек те ол өз әйелі үшін «ең-ең» сүйікті екенін тыңдағанды ұнатады.

4.Жұмсақтық танытыңыз, қателіктерді кешіре біліңіз. Идеал адамдардың бұл әлемде болмайтынын есте сақтаңыз, біздің әрбіреуімізде кемшілік болатынын ескеріңіз. Сіздің қателіктеріңіз бен кемшіліктеріңізді кешіргенін қалайсыз ба? Онда өз серігіңізді де кешіре біліңіз.

5.Отбасылық қатынастар өзара сыйластықтың негізінде құрылады. Бір-біріне намысқа тиетін сөздер айтпаңыздар және басқа адамдар тарапынан да өздеріңізге тіл тигіздіртпеңіздер.

6.Өз ашуыңызды өзіңіздің жолдасыңыздан алмаңыз! Сәл тоқтап, тынышталып, барлық нәрсені ойластырып алыңыз. Сонан соң барлығын талқылаңыз. Тек адамның қылықтары ғана емес, сонымен бірге сөздері де отбасылық қатынастарды бұзу мүмкін.

7.Өз сөзіңіз бен қылығыңыз үшін жауап беріңіз. Өзіңіздің кемшілігіңізді мойындап, дер кезінде кешірім сұраңыз. Егер отбасы мүшелері кешірім сұрай білмесе, онда отбасында өзара түсіністік болмайды.

8.Мейірімді сөздер – жақсы, мейірімді істер – өте жақсы. Бір-бірлеріңізге мән беріп, сыйлықтар жасаңыздар. Өзіңіздің жолдасыңызды қуанту үшін мүмкіншіліктерді ойластырып жүріңіз! Осыдан барлығы қуанышты және рақат сезімде болады.

9.Барлық жауапкершілік пен ауырпалықты өзіңіздің жарыңызға артып қоймаңыз. Ұрыс-керіс барысында екеуі де кінәлі болады.

10.Бір-бірлеріңізге қарай әр бір қадамдарыңыз көптеген қуанышты сәттер мен бақытты күндер сыйлайды, отбасына тыс жасалған  әр қадамыңыз – тек реніш әкеледі. Бірінші болып татуласуға қадам жасаңыз.

 

Балалардың ата-анасына деген құрметі ата-ананың баласына деген қарым-қатынасынан қалыптасады. «Не ексең, соны орасың» дегендей. Отбасында үйлесімді қарым-қатынас болған кезде ғана, құндылықтардың дұрыс жүйесінде ғана балаларда бақытты отбасын құруға және ата-ананың өміріне жағымды жағдай жасауға болады. Тағы да Владимир Мегренің кітабынан айтқандарын еске түсірейік: «Сүйіспеншілік Кеңістігін жасап алмай, балаларды дүниеге әкелу қылмыс». Балаға өзіңде жоқ нәрсені бере алмайсың. Балалар бірін-бірі құрметтейтін және жақсы көретін, ұзақ та бақытты өмірдің үлгісін көрсеткен ата-аналарды шынайы құрметтейді және жақсы көреді.

Сондықтан да: құрметті ата-аналар, балаларыңызға барынша толық қалыптаса алатын жағдай туғызыңыздар, сонда сіздер де өмірден алғыс аласыздар. Сонда балаларыңыз да сіздерге құрметпен, қадірмен қарайтын болады, кәдімгі қалыппен, естеріне салусыз ғасыр соңына дейін сіздерге көмектесетін болады.

Ата-аналар өздеріне деген қарым-қатынастың бағдарламасын өздері енгізеді. Олар үнемі балаларына жасаған қарым-қатынасының жемісін жейді. Ата-аналар балаларының денінің сау болуын қадағалау, Сүйіспеншілік кеңістігін жасау, құндылықтардың дұрыс жүйесін құру, адамдықтың негізгі қағидаттарын ашу және өмірдегі алғашқы өз бетінше қадамдары үшін қажетті білім алуға көмектесулері қажет. Ең бастысы – үнемі үлгі болып, жандарынан табылу.

Ата-аналар балаларының көздеріне бақыт пен үйлесімділікті сақтаушылар ретінде бейнеленеді. Отбасында бала өз ата-анасының әдеттері мен көзқарастарын сіңіріп алады, жақсы көретін және қамқоршы ма немесе жанжалды және қатыгез, дұрыс өмір сүрмейтін ба, ешқандай айырмашылығы болмайды.

Сондықтан балалардың кішкене кезінен адамдарды құрметтеуді, еңбекті бағалауды, көмектесуді үйренгендері өте маңызды. Өзі туралы және аяушылық, көмек білдіре алатын, шынайы қуана алатын, қайырымды және жылы жүзді ретінде айналасындағы адамдар туралы пікірді ата-ана қалыптастыруға міндетті.

 

Баланы қалай  тілалғыш етуге болады?

Балалардың тілалмайтынының себебін түсіну үшін, олардың қалай оқитынын түсіну керек. Балалардың сүйіспеншілігі риясыз – тамаша, адал бақылаушылар. Балалар ата-аналарын қадірлейтіндіктен олардың тіпті кемшіліктерін де қайталайды. Балалар кейде ата-аналарын тыңдамайды, бірақ олар ата-анасының мінез-құлқын көңіл қойып бақылайды, сондықтан бұл оларға үлкен ықпал етеді. Олар ата-анасының екіжүзділенгенін немесе шындықты айтпай тұрғанын жақсы байқап тұрады.

Баланың жүрегінде жоғары Рухани «Мен» орын алған. Ол интуитивті түрде бәрін сезінеді.

Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етес онда бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды.

Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.

Баланың тілалғыш болуына ынтымақтастықсыз және өзімен жұмыс жасамай қол жеткізу мүмкін емес. Бұл жайында Л.Н.Толстой жақсы айтқан: «Өзімізді тәрбиелемей өз балаларымызды немесе басқа біреуді тәрбиелеу, өзіміздің қалағанымызша өтірік те қиын жұмыс болып көрінуі мүмкін. Басқаны тек өзіңнен өткізу арқылы ғана тәрбиелеуге болатынын түсінсең, онда тәрбиелеу туралы сұрақ жойылады да өмірдің бір ғана сұрағы қалады: қалай өмір сүрсем? Өйткені өзімді де тәрбиелеуге қоспасам, баланы тәрбиелеудің бірде бір жолын білмеймін. Баланы қалай киіндіру керек, қалай тамақтандыру керек, қалай оқыту керек? Дәл өзіңе істегендей…

Тәрбиелеуге мен екі ереже берер едім: өзіңнің тек жақсы өмір сүруің емес, үнемі жетіле отырып өзіңмен жұмыс істеу және балалардан өз өміріңнен ешнәрсені жасырмау керек… Шындық – рухани ықпал етудің бірінші, негізгі шарты, сондықтан да ол тәрбиелеудің бірінші шарты болып табылады.

Өзіңнің барлық олқылықтарыңды көру үшін тәрбиелеумен айналысқан дұрыс. Ал өзіңді түзету өзіңнің және өзгенің балаларын, көптеген адамдарды тәрбиелеудің ең жақсы құралы. Сондықтан да барлық тәрбие өзіңнің жақсы өмір сүруің үшін, яғни өзіңнің қозғалуыңа, тәрбиеленуіңе келіп тіреледі: тек осылай ғана адамдар басқаға ықпал ете алады, оларды тәрбиелейді».

 

 

Януш Корчак «Ата-аналарға арналған тәрбиелеудің он өсиеті»

1.Өз балаңыздың өзіңіз қалағандай немесе сіз сияқты болғанын күтіп отырмаңыз. Оған көмектесіңіз.

2.Балаңыздан оған жасаған барлық жақсылығыңыз үшін өтеуін талап етпеңіз. Сіз оған өмір бердіңіз, ол мұның өтеуі үшін сізге қалай алғыс айта алады? Ол басқаға өмір сыйлайды, осылай өмір жалғаса береді. Бұл ризашылықтың қайтарымсыз заңы.

3.Ертеңгі ащы қарттықты айтып, өз өкпе-ренішіңізді, балаңызға арта бермеңіз. Не ексең, соны орасың.

4.Оның мәселелеріне жоғарыдан қарамаңыз. Өмір біздің әрқайсысымызға көтере алатындай саламақ салады. Еш күмәнданбаңыз, ол мәселе оған сізге қарағанда ауыр соғады, өйткені балаларда өмірлік тәжірибе жетіспейді.

5.Қорламаңыз!

6.Есіңнен шығарма адамның ең маңызды кездесуі – оның балалармен кездесуі. Оларға өте мұқият бол, біз балада кімді кездестіргенімізді ешқашан біле алмаймыз.

7.Балаңыз үшін кейбір жасай алмағандарыңызға өзіңізді қинамаңыз. Есіңізде болсын, бала үшін жеткіліксіз жасалса да, олар үшін барлығы жасалғандай болып көрінеді.

8.Бала – бұл сіздің өміріңіздің барлығын билеп-төстеп алатын рақымсыз емес, тек қана ұрпақ емес, ұрпақтан бастап және қаның. Бұл өмір сізге шығармашылық жалынын сақтап және дамыту үшін берген асыл тостаған. Бұл ана мен әкенің тәуелсіз сүйіспеншілігінің  «өзінің жеке меншік» баласына емес, аялап, сақтауға берген «жанға» бағытталуы.

9.Бөтен балаларды да сүйе біліңіз. Ешқашан өз балаңызға тілемегеніңізді, оларға да тілемеңіз.

10.Өз балаңызды қандай: талантсыз, қырсық, ересек болса да, жақсы көріңіз. Олармен қарым-қатынас жасағанда қуанышты болыңыз, себебі бала қазірше қасыңызда бар қуанышыңыз.

 

Бақытты отбасының сыры туралы өсиет әңгіме

Бір шағын қалада көрші екі отбасы өмір сүреді. Бір отбасыда үнемі ұрыс болады, ал екінші отбасыда барлығы тату-тәтті өмір сүреді. Мазасыз әйел көрші үйдің бақытына қызғана қарайды. Өзінің күйеуіне былай дейді:

– Барып көрші үйді бақылап кел, неге оларда үнемі барлығы жақсы болады екен.

Күйеуі көрші үйге келіп, кіреді және бір жерге жасырынып қалады, сонан соң бақылап отырады. Ал үйдің әйелі бір көңілді әнді айтып жүреді де, үйді тазалайды. Осы сәтте бір қымбат құмыраны сүртіп тұрған. Кенеттен біреу телефон соғады, әйел құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді.

Оның күйеуі бөлмеге кіріп бір затты іздейді, сол кезде жаңағы құмыраға сүйкеніп, абайсыздан құлатып жібереді. Құмыра құлап, сынады. Көрші: «Міне қазір ұрыс басталады» – деп ойлайды.

Әйелі оны көріп, күйеуіне былай дейді:

– Кешір, қымбаттым. Мен кінәлімін. Мен оны үстелдің үстіне дұрыс қоймадым.

– Не дегенің, жаным? Мен өзім кінәлімін. Асығып, байқамай қалдым. Жарайды. Еш нәрсе болған жоқ, бұл болмашы нәрсе.

…Көршінің жүрегі ауырып кетеді. Үйіне ашуланып келеді. Әйелі оған:

– Не болды сонша жоғалып, көрдің бе?

– Иә!

– Қалай екен? Бақыттың сыры неде? Олар бізден несімен ерекшеленеді?

– Олардың отбасында барлығы кінәлі. Ал біздің отбасыда әр кезде барлығымыз «менікі дұрыс» деп, шығамыз.

 

Әдебиет: Отбасылық өмір әліппесі (9-11 сын.)Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. /Әкімбаева Ж.Ж.,Ахметова А.И., Кошкеева Г.У./ – Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, 2014. – 88 б.