Білікті ұстаз

Бастауыш сынып мұғалімі бала тілімен сөйлейтін, өзгенеің баласын өз баласындай көретін ана, әке орнын басатын тұлға. Ендеше бастауыш сынып мұғалімінің алдында үлкен  жауапкершілікті талап ететін еңбек тұр. Бірнеше жылдар бері бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеп келе жатқан өзіміздің әріптесіміз |Сағымбаева Бақыт Бейсенғалиқызы туралы айтқым келеді.

Бақыт Бейсенғалиқызы – бастауыш сыныптарға 15 жыл еңбек етеді. Еңбек жолында өзінің ісіне жауапкершілікпен қарайтын, өте тиянақты, балалардың алдына талап қоя білетін мұғалім.

Балаларды тек білім нәрімен ғана сусындатпай, олардың тәрбиесіне де көп көңіл бөледі. Бақыт Бейсенғалиқызының тәрбиелік іс – шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып жүреді.Ата – аналарды да кез келген шараға белсенді қатысып, ризашылықтарын білдіруде.

Ендеше, ұстаздық жолда Бақыт Бейсенғалиқызына  төзімділік, күш- қайрат, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Тусупова Рысты Нурлановна

Бастауыш сынып мұғалімі