КҮЗГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Күзгі демалыстың басталуына байланысты оқушылардың бос уақыты көбеймекші, сондықтан балалар өмірі мен қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажет. Осыған байланысты Көктөбе орта мектебінде демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен шаралар қабылданды. Мектепте жаднама құрылып, оқушылыр мен ата-аналар назарына жеткізілді.  Балаларға сіріңкемен, жарылғыш заттармен ойнауға болмайтыны,үлкендердің қарауынсыз газды пайдалануға,пешті жағуға,тоқ көзіне бірнеше құрылғыны қыстыруға болмайтыны жайлы түсіндірілді.   Құрғақ жапырақтарды жағуға тыйым салынады. Түтінденсаулыққа зиянды. От көрші ғимаратқа көшуі мүмкін. Шалшық суда жүгіруге болмайды. Суланған аяқ киім суық тиюге әсер етеді. Күзде жылы киіну қажет.   Ата-ананың рұқсатынсыз күзгі серуенге шығуға болмайды. Серуен кезінде қандай жағдайға тап болатынын ешкім білмейді.1-тоқсанның соңында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, күзгі демалыс уақытында қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықтар талқыланды.Атап өткенде жолды өту кезеңде, автокөлік сапарларда, толық қатпаған мұздың  үстінен жүру кезеңінде , көшеде кешкі 21.00 сағ. кейін ересектердің сүйемелдеусіз жүруге , тағы да көптеген күтпеген кезеңдердегі балаларыңызды сақтандырыңыздар деген сияқты нұсқаулықтар қарастырылды.