Құрметті қонақтар,

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сайтта – ең басты оқиғалар мен мектеп жаңалықтары, негізгі нормативті актілер,оқу мен тәрбие іс-әрекеттерінің жоспары және мектеп әкімшілігі, ұстаздар жайлы мағлұматтар жарияланған.

Сіздердің әрқайсыңыз біздің виртуальді алаңнан пайдалы және қандай да бір жаңа ақпарат ала аласыздар. Көп жылдар бойы мектеп маңызды мемлекеттік мәселені шешуде, ол-білім беру және тәрбиелеу. Біздің мектеп жалғыз емес.Себебі біздің сенімді серіктестеріміз бар. Олар: ата-аналар, мектеп түлектері және достар. Мектеп өмірі үнемі тоқтаусыз тек алға қарай дамып,заман ағынымен жүзуде. Уақыттың өзі бізге сан түрлі тапсырмалар мен талаптарды абыроймен орындауға жетелеуде.

Біз мектептің өсіп-өңуіне үлес қосып, дамуына демеу болған барша жандарға алғысымыз шексіз. Мемлекеттің болашағы-білімді, дені сау жас ұрпақ. Ал сіз бен біздің басты міндетіміз-ол тұлғаны оқыту және тәрбиелеу.

Біздің жұмысымыздың негізгі принциптерінің бірі –ол мектеп жұмысын көпшілікке ашық түрде көрсете білу. Міне, осы мақсатпен біз сайтты ашып отырмыз.Сайтта кері  байланыстың түрлі формалары қамтылған. Бұл мектеп тынысымен бір мезетте және кез-келген  уақытында танысып, мектеппен үнемі байланыста болуға зор мүмкіндік.

Біздің сайт қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында құнды білім мен білік дағдыларын игеруге септігін тигізіп, ашық қарым-қатынас жасауда жәрдемін тигізеді деп үміттенеміз.

КОНТАКТІ

Мектеп директорының: Зілкенов Саниял Оразбайұлы.

Директордың қабылдау кестесі. Сейсенбі: 16.00-18.00   Жұма: 16.00-18.00

Кабинеті: 1 қабат, 11 кабинет.

Жұмыс тел: +7 718 38 91 364

Ұялы тел: +7 705 406 1475