31 мамыр күні Павлодар қаласында өткен облыстық жарыста асық атудан 3 орын.

   «Рухани жаңғыру» республикалық жобасының аясында ұлттық асық ату ойынын насихаттау мақсатында оқушылары арасында  Павлодар қаласында өткен облыстық жарыста Май ауданының командасы 3-орынға иеленді.  Сайысқа қатысқан оқушылардың ұлттық ойынның әдіс-тәсілдері ұнап, ойынға қызығушылықтары өте жоғары деңгейде болды. Асық атудан  Аудан атынан мектебіміздің 4 сынып оқушылары  Сапина Айсана және Маралбек Айсу қатысып жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарымыз ойын соңында мақтау грамоталарымен марапатталды.