«Ұстаз болу – жүректің батырлығы…»

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұлағатты ұстаздың бірі Баянбаева Әсем Бекмұханбетқызының  жөні де,  жолы да бөлек.

Осындай  айтулы мерекеде 1 « А» сынып ата- аналары атынан,  аяулы ұстазымызды «Мұғалімдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Ұстазымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл  мектептің абыройы!

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбегіңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен Сізді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!

 

Ата-ана: Уалиева Динара