Қарттар күні

1 қазан қарттар күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты мерекелік көгілдір от өткізілді. Мерекеге ауданның  қарт аталары мен әжелері шақырылып, дастархан әзірленді. Мерекелік концерт аудан әкімінің құттықтау сөзімен ашылып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Осы іс- шараға Көктөбе ОМ ұжымы атсалысты.