Біздің жетістіктер

 

2014-2015 оқу жылының жетістіктері:

 

Облыстық «Жылдың  үздік психологі» байқауында мектеп психологі Оразбаева Зура Сапарбековна ІІ дәрежелі  ДИПЛОММЕН марапатталды.

 

 

«Ақ бота -2014» интеллектуалдық марафоны

 

«Ақ бота -2014» интеллектуалдық марафонында ІІ орын алғаны үшін 3 сынып оқушылары Садыр Арыстан, Сайырхан Шұғыла   және  6 сынып оқушысы Оразалы Дильназ ДИПЛОММЕН  марапатталды.

 

Аудандық  олимпиада  жүлдегерлері:

 

Нургалиева Жулдыз 11 сынып оқушысы ( математика пәнінен)  І орын

 

Адамжанова Алуа      10 сынып оқушысы ( қазақ тілі) І орын

 

Боранбай Айдана 10 сынып ( ағылшын тілі )   І  орын

 

Ахметов   Мухтар  11 сынып оқушысы ( химия) ІІ орын

 

Нұрмұхан  Айгерім 11 сынып оқушысы (орыс тілі) ІІІ орын

 

Тұяқ Қайша  9 сынып оқушысы ( тарих) ІІІ орын

 

Ахметов Ермек 9 сынып оқушысы ( география) ІІІ орын ДИПЛОММЕН марапатталды.

 

 

Құттықтаймыз!

 

Облыстық олимпиаданың жүлдегері 11 сынып оқушысы Нургалиева Жулдыз (математика)  пәнінен  ІІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.

 

 

Қазақстан Интернет олимпиадалары

Мектеп ұстаздары мен оқушылары Республикалық қашықтық интернет олимпиадасына қатысып, Май ауданы бойынша ІІ орынды көрсетіп отыр. 2013 жылы 9 қазанда өткен Қазақстан тарихы пәнінен республикалық қашықтық интернет олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен 6 «А» гимназия сынып оқушысы Шаушимов Алдияр,  7 «А» гимназия сынып оқушылары Қаузхан Елдар мен Қаирбек Амир марапатталды. Үздік нәтижені 7 «А» гимназия сынып оқушысы Сейтбатталов Диас көрсетті.

Үздік психолог

23 қазан күні Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған № 3 гимназияда республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсының облыстық кезеңі өтті.Психологтардың кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби-шығармашылық ізденісті, шығармашылық әлеуетті ынталандыру мақсатындағы конкурсқа Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 24 психолог қатысты. Конкурс нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломменМай ауданы Көктөбе ЖОББМ психологы Альменова Нуржамал Умербековна марапатталды.

                                                                      Пән олимпиадасы

2013 жылдың 18-23 аралығында мектепішілік пән олимпиадасы  болып өтті. Қанша бала бақтарын сынады. Оның ішінде орынға иеболғандар да, болмағандар да болды. Сол орын алған оқушылардың  ішінен ең білімді деген оқушылар іріктелініп алынды. Ауданға 9-11 сынып оқушылары өтті. Олар: математика пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Нургалиева Жұлдыз, орыс тілі пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Қайырбек Айым, 10 «А» сынып оқушысы Нұрмұхан Айгерім, информатика пәнінен 9 «Ә» сынып оқушысы Уан Айнұр, қазақ тілі пәнінен 9 «А»сынып оқушысы Адамжанова Алуа,  Қазақстан тарихы пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Жағыпар Амина, 11 «А» сынып оқушысы Ахметжанова Баян, география пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Қадыр Мейірхан, 11 «А» сынып оқушысы Оразбай Айбек,  химия пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ахметов Мұхтар, ағылшын пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Боранбай Айдана, физика пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Батаева Айгерім қатысты. 19 желтоқсан күні Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық оқушылар олимпиадасы өткізілді. Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің атынан 12 оқушы қатысып, оның ішінде 8 оқушы ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, ІІ дәрежелі дипломмен Қазақстан тарих пәнінен Тлеубаева Алия Алибаевнаның жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы Жағыпар Әмина, 11 «А» сынып оқушысы Ахметжанова Баян, орыс тілі пәнінен Ахметова Айгүл Мырзахметқызының жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы Нұрмұхан Айгерім, математика пәнінен Омарова Айна Кенжегалиевнаның жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы Нургалиева Жұлдыз, ағылшын тілі пәнінен Бильтаева Гульбахыт Елубаевнаның жетекшілігімен 9 «А» сынып оқушысы Боранбай Айдана марапатталса, ІІІ дәрежелі дипломмен химия пәнінен Кабенова Алмагүл Социалқызының жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушысы Ахметов Мұхтар мен география пәнінен Муслимова Рысгүл Сайлаубекқызының жетекшілігімен 11 «А» сынып оқушысы Оразбай Айбек марапатталды. Мектеп оқушыларына келесі жылы облыстан орын алуларын тілейміз!

 

Б.Тайжан атындағы жасөспірімдер олимпиадасы

    21 қарашада «Қазақстан тарихы» пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы  I облыстық жасөспірімдер олимпиадасы Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінде өтті. Олимпиадаға облыстық мамандандырылған мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептері және Астана қаласының «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебі барлығы 30 білім беру мектебінен 53 оқушы қатысты. Май ауданы, Көктөбе орта мектебінің атынан Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Ә» сынып оқушысы Тұяқ Қайша өз білімін сынады. Олимпиада 2 турдан тұрды:I тур – тарихи шығарма жазу,  II тур – ауызша тур. Екінші турға 11 бала өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Тұяқ Қайша жүлделі III орынға ие болды. Олимпиаданы ұйымдастыруға  кеткен шығындар Болатхан Тайжан атындағы қор есебіне алынды. Бас жүлдеге 10 мың теңге, I орынға 7 мың теңге, II орынға 5 мың теңге, III орынға 2 мың теңге қаржылай сыйақы мен қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Қайшаға алдағы уақытта талай олимпиадалардың жеңімпазы атанып, биік белестерден көрінсін деген тілек білдіреміз!

 

VI Облыстық  «Махамбет оқуларынан» жеңіспен оралды.

        Аудандық  Білім беру бөлімі  ұйымдастыруымен өткен VI «Махамбет оқуларының»  байқауында «Ұлы арман...» бағыты бойынша  қатысып, Махамбеттің жалынды да жігерлі, дауылды да адуынды күйлерін  орындаған Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің  7 сынып оқушысы Аманбол Саясат  I  дәрежелі орын дипломмен марапатталып VI Облыстық «Махамбет оқуларына» қатысуына мүмкіндік алған еді.

      Жуырда  6 мамыр күні Павлодар қаласының «Жас дарын»  мамандандырылған мектебінде өткізілген VI Облыстық  «Махамбет оқулары» байқауында сайысқа түсіп   «Ұлы арман...» бөлімі бойынша   күйші-композитор Махамбеттің күйлерін асқан шеберлікпен орындап,ерекше көзге түскен Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің  7 сынып оқушысы   Аманбол Саясат қазылар алқасының шешімімен II дәрежелі дипломмен марапатталып жеңімпаз атанды. Оқушымыз Саясатқа  өнер жолында қанатың талмасын демекпіз.

 

Қазақ тілі  кабинетінің  байқауынан  жүлделі  орын  алды.

 

       Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдан аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.

2015 жылғы 30 сәуірде Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында облыстың жалпы білім беру мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің облыстық байқау-конкурсының қорытындылары шығарылды. Конкурс үш кезеңде өтті: 2015 жылғы 6 – 10 сәуір аралығында – аудандық (қалалық) тур, 20 – 24 сәуір аралығында – облыстық іріктеу кезеңі болды. Сайысқа барлығы 46 сұраныс келіп түсті, облыстық кезеңге 23 қазақ тілі кабинеттері қатысты.

Кабинеттер конкурсының шарттарында көрнекі құралдар мен техникалық оқыту құралдары,  оқу-әдістемелік әдебиеттер ескерілді. Конкурс материалдары мультимедиялық тұсаукесерлермен, бейнефильмдермен ұсынылды. 

         Конкурс қорытындысы бойынша 7 кабинет жүлделі орындар иеленді, кабинет меңгерушілері І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Соның ішінде ІІІ-дәрежелі дипломмен Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті марапатталды. Осы кабинетті сайысқа дайындаған ұстаздарға шығармашылық табыстар тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Bala Qorgau