Біздің Ұжым

%d1%82%d0%bb%d0%b5%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b0                                           Тлеубаева Алия Алибаевна

       Тлеубаева Алия Алибаевна – білімі жоғары, 1986жылы Өскемен педагогикалық  институтының тарих факультетін тәмәмдап, тарих  және қоғам тану мұғалімі,  тәрбие жұмысының методисі , жоғары біліктілік  деңгейдегі  жоғары санатты маман. Еңбек өтілі -28 жыл. «Қазақстан тарихы мен Дүние жүзі тарихы»  пәнінен 7- 8 – сыныптарда   бақылау жұмыстарының  топтамасын құрастырды. 6 сыныпқа «Қазақ шежіресі»,10 сыныпқа «Қазақстан ежелгі дәуірден күні бүгінге дейін»   арналған факультативтің жоспарын , «Аталар салған сара жол- ұрпаққа болар мұра жол»  атты әдістемелік жинағын құрастырды. «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым». «Мемлекеттік рәміздер- тәуелсіздік символы» атты тақырыптық папкалар жасады. Аудандық тарих пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі. «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми- тәжірибелік орталығының сырттай мектебінде 4 оқушысы (10 сыныптан-3 оқушы, 11 сыныптан-1 оқушысы ) оқуда. Оқушылары облыстық, аудандық пән олимпиадасына қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр .2013 жылы 11 сынып оқушысы Тусупов Ерік облыстық пән олимпиадасында ІІІ орын, 2014жылы 9 сынып тоқушысы Каирбек Айым, 10 сынып оқушысы Жағыпар Әмина оқушылардың облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен,9 сынып оқушысы Тұяқ Қайша  аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын, 11 сынып оқушысы Жағыпар Әмина ғылыми жоба жарысында І орынды иеленді.  «Шамшырақ», «Сарыарқа самалы» газеттерінде, өз мақалалары және оқушыларының мақалалары жарияланып тұрады.  Республикалық «Қазақстан тарихы әдістемелік журналында» Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік -қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тарихи шерудің материалы 2014жылдың №11 санында шықты. 2014-2015 оқу жылының ҰБТ қортындысы бойынша дүние жүзі тарихынан ортақ ұпай-22, Қазақстан тарихынан-19,5.ҰБТ қорытындысы бойынша аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. «Патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс үздік сценариі» аудандық конурсының жеңімпазы болып дипломмен марапатталып , облыстық конкурсқа қатысып, сертификат алды.    «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбындағы аудандық семинарда тарих пәнінен ҰБТ- ға сапалы дайындау жүргізу бойынша шеберлік- сыныбын өткізгендігі үшін сертификат берілді. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Білім саласындағы сіңіріп жатқан еңбегі үшін 2014жылы мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.

img_7186Кабылдина  Жулдыз Мырзабековна

Туған жылы: 2 мамыр  1972 жылы.  Білімім жоғары. 1991 жылы 2005 жылы Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институтын бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым. Санатым – бірінші. Педагогикалық өтілім – 23 жыл.      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын2013 жылы «Қазақстан Республикасының педагог  қызметкерлерінің  үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы» бойынша біліктілігін арттыру курсының сертификатына ие болдым. 2013 жылы Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық білімдену жобалары Республикалық жәрмеңке көрмесіне қатыстым. 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО орталығында  «Бастауыш жалпы білім беруді іске асырудың заманауи стратегиясы» атты курсын аяқтап, сертификатына ие болдым. 2015 жылы  ҚР кіші ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткізілген      Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» бойынша сертификатына ие болдым. 2015 жылы  «Заманауи кезеңде бастауыш сыныпта  білім беруді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесі» атты курсын бітіріп, сертификатына ие болдым. 2015 жылы  Халықаралық қашықтықтан өткізілген «Metod.kopilkа.ru» әдебиет пәнінен ашық сабақ жоспары интернет ресурста  басылып, куәлікке ие болдым. 2015 жылы Халықаралық «Инфоурок» қашықтықтан өткізілген олимпиадада математика пәнінен   жүлдегерлерді дайындағаным үшін  Алғыс хатпен  марапатталдым. Осы жылы Май ауданының білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталдым. 2015 жылы  «Заманауи кезеңде бастауыш сыныпта  білім беруді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесі» атты курсын бітіріп, сертификатына ие болдым. 2016 жылы «ХIV Сатпаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, сертификатына ие болдым. «Сын тұрғысынан ойлауды дамытудан технологиясы арқылы білім сапасын жақсарту» атты мақалам «ХIV Сатпаев оқулары» жинағынан жарық көрді. 2016 жылы  Математика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін дайындағаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.   2016 жылы Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ІІ Республикалық дистанциялық олимпиадаға қатысып 1 орын дипломымен марапатталдым. 2016 жылы  «Нұрлы болашақ»  Республикалық олимпиадада математика пәнінен жеңімпаздарды даярлағаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым. 2016 жылы «Зияткер» республикалық әдістемелік журналында  дүниетану пәнінен «Су.Табиғаттағы су айналымы» тақырыбында сабақ жоспарым жарық көрді. 2013-2014 оқу жылдарында дүниетану пәнінен «Гүлстан» 3-4 сынып, «Жануарлар әлемі» 3-4 сынып, математика пәнінен  «Математика әлемі» 3 сынып, қазақ тілі пәнінен «Қызықты грамматика» 3 сынып, әдебиет пәнінен «Абайтану» 3-4 сыныпқа арналған бағдарламалар құрастырып, Павлодар облысы білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында рецензияланды. Оқушыларымның жетістіктері: 2015 жылы Халықаралық қашықтықтан өткізілген олимпиада «Инфо урок» математика пәнінен  Бахытбекова Наргиз, Сержанова Аружан, Қабатай  Нұрай, Каирболат  Али,  Мерзихан Ұлпан, Мерболатова Зарема  1 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. 2015 жылы Республикалық олимпиадаға катысып, математика пәнінен : Бахытбекова Наргиз, Қабатай Нұрай, Отарбаева Ильзара 1 орын, Хамзин Махамбет II орын, қазақ тілі пәнінен: Шукенова Ажар 1 орын, Мерболатова Зарема II орын, Болат Линара III орын, дүниетану пәнінен: Сержанова Аружан, Шакарғали Арқат 1 орын иеленді. 2016 жылы ІІ Республикалық олимпиадаға қатысып, қазақ тілі пәнінен Мерболатова Зарема 1 орын, математика Хамзин Махамбет II орын, дүниетану пәнінен Кульсаринов Темирлан сертификатпен марапатталды. ІІІ Республикалық олимпиадада қазақ тілі пәнінен Жакупова Дария, Талғат Нұрмұхан, Болат Линара  II орынға, математика пәнінен Мерзихан Ұлпан, Шайкенова Равина сертификатпен марапатталды.2016 жылы «Нұрлы болашақ» Республикалық олимпиадасына қатысып, математика пәнінен Шайкенова Равина, Жакупова Дария, Каирболат Али, Сержанова Аружан, Мерзихан Ұлпан І дәрежелі жеңімпаз дипломымен марапатталды. Бахытбекова Наргиз «Ертіс дарыны» облыстық интеллектуалды марафонына қатысып, III орын иеленді. IV облыстық математикалық турнирдің III дәрежелі дипломымен Хамзин Махамбет марапатталды.

Ибагулова Жаныл Болатовна

Білімі  жоғары,еңбек  өтілі 31 жыл, санаты  бірінші. Өзінің жұмысымда  үлгілі, тәжірибелі ұстаздардың педагогикалық технологияда жаңалық еңбектеріне сүйенеді. Сонымен қоса, аудандық, облыстық оқулар, озық іс-тәжірибелер, әдістемелік басылымдар, ақпараттандыру технологиялар, тәжірибе алмасу әдістері арқылы өз білімімді үнемі жетілдіріп отырады. Ұстазды іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулитын әдістерінің бірі «Өрлеу» облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтында курстан өту. 2010 жылы «Ағылшын тілі оқытудағы  білім процесін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар» тақырыбы бойынша 72 сағаттық, 2010 жылы «Оқұ үрдісінде Арта мультимедиалық кабинетін қолдану», «Білім беру орындарында электрондық оқыту» (2011 жылы), «Интеллектуалдық сайыстар мен олимпиадаларға дайындау мәселелері бойынша » (2014 жылы, «Өрлеу» ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты)  білім жетілдіру курстарынан өттім. Сонымен бірге Oxford University press орталық арқылы ұйымдастырылған семинарлардың тындаушысы болдым. 2012 жылы «Solutions for the classroom», 2013  жылы «Training the whole child», 2014 жылы  «Making Grammar More Fun»  тақырыптарын қамтыған. «Шамшырақ», «Сарыарқа самалы» газеттерінде, мақалаларым және оқушылардың өлеңдері мен мақалалары жарияланып тұрады.  Республикалық «ағылшын тілі бастауыш мектепте әдістемесі» журналына өзімнің сабақ үлгілері мен мақалаларымды, интернетке сабақтар жариялауға жіберіп отырамын. Осы ақпан айында 3 оқушым қашықтықтан халықаралық олимпиадасына қатысты. Олар: Ерсайн Аяулым – 5 «А» сынып; Садыр Арыстан, Серік Бексұлтан – 3 «А»  сынып оқушылары.  «Оқушы-ұстаз айнасы» дегендей, білімді шәкірт – ұстазынан көрінеді. Менің жұмысымның нәтижелілігін оқушыларымның халықаралық  «British bulldog»,  интеллектуалдық марафондарының жүлдегерлері атануынан байқауға болады. Соның ішінде оқушылардың жетістіктері: 3-дәрежедегі дипломмен марапатталды.Олар Куанхан Ислам, Абұғали Айгерим, Оразалы Дильназ, Біртұяк Саттархан, Башенов Ансат, Садыкова Асел. 2011 жылда аудандық оқұшылар олимпиадасында 10-сынып оқушысы Хуан Тілеуғабыл 2-орынға ие болды. «Ұстаз жолын шәкірті басар» дегендей ағылшын тілі мамандығын тандап келесі түлектерім: Мукатаева Махаббат, Дюсенбаева Акмарал, Шарипжанова Орынгуль  жұмыс атқаруда.

img_7196Зилькенова Алтын Айтмаганбетовна

 Білімі жоғары, мамандығы математика пәнінің мұғалімі. Жалпы еңбек өтілімім 15 жыл, оның ішінде мамандық бойынша 11 жыл. Санатты бірінші. Облыстық педагогикалық  біліктілігін арттыру институтында 2013 жылдың ақпан  айында «Құзыреттілік тұрғыда математикадан заманауи сабақты құру» курсынан өтті. Сонымен қатар 6 сынып оқушыларына  арналған «Логикалық 100 есеп», «Геометрия әлеміне саяхат», 8 сынып оқушыларына арналған «Алгебра оқулығы беттерінен» және «Алгоритмдік бейімділігімен машықты қалыптастыру» арнайы курс бағдарламасын құрастырылып, рецензияланды.  Павлодар Мемлекеттік педагогиалық институтында ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми конференцияда «Математика сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану» баяндамасы  жинаққа  енді.  «Ұлағатты ұстаз» атты  Республикалық ұстаздар сайысында  «Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту» атты жұмысымен қашықтықтан қатысып ІІІ орынға ие болды (2015ж). «BS – PRESS» педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып ІІ орын ие болып, дипломмен марапатталдым.  Математика пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық пән олимпиадасына қатысып ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталы. Республикалық КИО олимпиадасына қатысып «Ең үздік нәтиже» сертификатқа ие болдым. «Математика пәнінен олимпиадаға дайындау мәселелері», «Интеллектуалдық сайыстар мен олимпиадаларға дайындау мәселелері бойынша», «Педагогтік инновациялық қызметі» атты теориялық – әдіснамалық семинарға қатысып, сертификатқа ие болды. Оразалы Дильназ «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық интеллектуалдық марафонына Ахметова Алия, Қанат Дана  Ертіс дарыны аймақтық ғылыми – тәжірибелік орталығының облыстық интеллектуалдық марафонының    ІІІ орын жүлдегерлері (2015ж). Халықаралық  «Инфоурок» жобасының білім сайттар желісі «Учительский сайт» ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысып Сапина Зарема, Булатова Патрисия І орын, дипломмен марапатталды (2015ж), Шакарғали Аяулым, Ахметова Алия, Жағыпар Ғабдулғазиз ІІІ орын, дипломмен марапатталды (2015ж). «BS – PRESS» педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен математика пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып Байғабыл Дамир, Айтахан Ақбота, Ерсаин Аяулым ІІ орынға ие болды, дипломмен марапатталды (2015ж). 2015 жылы аудандық ғылыми жоба сайысында  Қаирбек Ұлжан математика пәнінен  ІІ орынды иеленді. (2015ж)

%d1%80%d1%8b%d1%81%d0%ba%d1%83%d0%bbМуслимова    Рыскул    Сайлаубековна        

   Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары 2013 жылдан. Білімі  жоғары, бірінші санатты,педагогикалық өтілі   11 жыл.  Сынып жетекшілердің жұмысын басқарып, кәсіби шеберлігін арттырады. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын, мектептен тыс мекемелердегі т.б. жұмыстарын қадағалайды, басқарады.Аға тәлімгер,психологтардың жұмысын қадағалайды. 8  сыныптарға арналған «Табиғатты қорғау»,10 сыныптарға «Әлемдік  география» тақырыбында арнаулы курс бағдарламаларын  құрастырушы. 2014 жылы оқушысы Қадыр Алтынай  география  пәнінен облыстық  сырттай оқу мектебінің шағын  олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапатталған.   Халықаралық  ғылыми  практикалық  «Геолого-географическая  составляющая  туристко  краеведческой  деятельности» семинардың  сертификатын иегері.  Халықаралық дистанциондық олимпиадасында «Инфоурок» проектінде  география  пәнінен II дәрежелі диплом Ерсаин  Аяулым,география  пәнінен III дәрежелі диплом Сағындық Аяулым.Ашық  сабақтар сайтында ашық сабақтар  жарияланған. Халықаралық ғылыми практикалық конференция  бағдарламасына «Педагогтың инновациялық қызметің» мақала жарық көрді. Оқушылары Республикалық КИО қашықтық олимпиаданың сертификат иегерлері. 2015 жылы Май  ауданының білім  беру бөлімінің Алғыс хатпен марапатталған.  2016 жылы  «Нұр Отан» партиясы Май аудандық филиалы атынан Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы   Май аудандық  мәслихатының   Алғыс хатымен марапатталды.

%d0%b4%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%b0Бейсекова Динара Мерболатовна

       Динара Мерболатовна  информатика пәнінің мұғалімі. Білімі  жоғары, еңбек өтілімі 8 жыл. ІІ санатты. Педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында 2009 жылы  «10-11 сыныптарда информатикадан бағдарлық курс сабақтарын беру әдістемесі» курсын тыңдады.  2014 жылы «Бағдарламалаудан олимпиадаға дайындау мәселелері» бойынша оқыту семинарына қатысты. 2016 жылы 15-17 ақпан аралығында «Adobe Captivate бағдарламасында электрондық ресурстарын құру» тақырыбы бойынша, 26-27 мамыр аралығында «AutoPlay Media Studio бағдарламасы ортасында электрондық оқулықтарды жасау» оқыту семинарын табысты аяқтады. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Робот техникасы» элективті курсына қатысты. 2015 жылы Астана қаласы «ZIAT»Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің үздік презентациялық сабағым» атты  IV Республикалық мұғалімдер сайысына қатысып, IІ орын иеленді.  2016 жылы «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  білім беруде» атты облыстық конкурсында “Үздік мультимедия құралы” номинациясын иеленді. 2016 жылы  «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, үздік бейнесабақ» облыстық дистанционды конкурсына және «Ең үздік интербелсенді сабақ» педагогикалық идеялар Интернет фестиваліне  қатысып,  сертификат берілді.    2016 жылы  «Нұр Отан» партиясы Май аудандық филиалы атынан Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған “Жаңа форматтағы жаңа мұғалім” атты жастар форумына қатысып ІІ орын иеленді.  2015 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  12-14 жастағы білім алушылардың арасында компьютерлік графикадан «Сыйқырлы қылқалам» тақырыбында сырттай өткізілген байқаудың «компьютерлік суреттер» номинациясының ІІІ дәрежелі дипломмен Амантай Ерген марапатталды. 2015 жылы «Компьютер әлемі» тақырыбындағы Республикалық байқауға «Перезентация» номинациясы бойынша Мукашева Алияға  сертификат табысталды.   2016 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  өткізілген  «Bebras -2016» атты халықаралық конкурсында ІІІ дәрежелі дипломға ие болған: 3 сынып оқушысы Мерболатова Зарема, 5 сынып оқушысы Болатова Аяжан.          2016 жылы информатика пәні бойынша  ІІ Республикалық дистанционды BS-PRESS олимпиадасында І орынды иеленген  Кайдарова Арайлым, Жумабаев Ермек және Ильясов Арман І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы информатика пәнінен ұйымдастырылған Халықаралық  «Отличник» конкурсында Кадыр Ермұрат, Кабытаева Сания І орынды иеленді. 2015 жылы  «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған информатика пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, Омарова Айым ІІ орын, Габдулмаликов Рифат ІІІ орынды иеленді.

%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%80Солтанова Анар Амиргаликызы          

Анар Амиргаликызы 30.08.1982 жылы туған. Білімі-жоғары, еңбек өтілі 9 жыл, санаты-екінші. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша толық курсын бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды 2008 жылы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап келемін. Жаңашыл ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүреді. 2015 жылдың маусым  айында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты  біліктілікті арттыру және технологиялық трансфері аймақтық орталығында «Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған пәндік құзыреттілікті дамыту» курсынан өттім. 5 сыныпқа қазақ тілінен  «Лексика тарауына арналған жаттығулар» жинағын құрастырдым филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің профессоры  Д.Е.Капанова пікір жазды. (2015ж.) 5 сыныпқа қазақ әдебиетінен «Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау» жинағын құрастырдым филология ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Ә.Д.Әміренов пікір жазды. (2015ж.)Қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысымын. (2015ж.)Ұлы жеңістің 70 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Республикалық «Өрлеу» Білім-ғылым технология порталы ұйымдастырған байқауының  І дәрежелі дипломмен марапатталдым. (2015ж.) «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Компьютерлік технологияның қолдануымен өткізілген ең үздік сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында І орын ие болып, дипломмен марапатталдым. (2015ж.)Қазақ хандығының 550-жылдығы аясында, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойына орай Республикалық «Өрлеу» Білім-ғылым технология порталы ұйымдастырған «Абай-дана, Абай-дара қазақта» – шығармашылық сайысының ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. (2015ж.)«Қазақстан ұстазы» қоғамы ұйымдастырған Ең үздік презентациялық сабақ сайысының І дәрежелі дипломмен марапатталдым. (2015ж.)«BS – PRESS» педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталдым. (2015ж.)Bilimtime.kz ұcтаздарға арналған әдістемелік сайтында материалдарым жариялағаны үшін сертификатқа ие болдым. (2015ж.)Астана қаласында өткен жазушылар арасындағы авторлық мақалалар жариялау байқауы бойынша «үздік жазушы» атағы үшін сертификатқа ие болдым. (2015ж.)Республикалық 45 minut.kz газетіне материалдарым жариялағаны үшін сертификатқа ие болдым. (2015ж.)«Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсына қатысқаным үшін сертификатқа ие болдым. (2015ж.)Infourok.ru сайтына презентациялық сабағым жариялағаны үшін сертификатқа ие болдым. (2015ж.)«Ұстаздар газетіне» облыстық ұстаздар газетінде «Малайсары батыр» атты мақалам шықты. 1қараша 2015ж.«Қазақ тілі: әдістеме» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Сөзжасам» атты мақалам шықты. 2015ж. №5. «Педагогика хабаршысы» газетіне «Мектепке жол» акциясы атты мақалам шықты. 5 қазан 2015ж.«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі:мектепте, колледжде, ЖОО» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Сын есім» атты мақалам шықты. 2015ж. №6.Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмайды» сайысында оқушым Болатов Райымбек І дәрежелі дипломмен марапатталды. (2015ж.) «Қазақстан ұстазы» қоғамымен ұйымдастырылған қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан  оқушым Болатова Аяжан І дәрежелі дипломмен марапатталды. (2015ж.)«Қазақстан ұстазы» қоғамымен ұйымдастырылған қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан  оқушым Мерзихан Данель І дәрежелі дипломмен марапатталды. (2015ж.) «Қазақстан ұстазы» қоғамымен ұйымдастырылған қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан оқушым Сайлаубаева Жансая  І дәрежелі дипломен марапатталды. (2015ж.)«BS – PRESS» педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен  қазақ тілі пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқан оқушым Казкенова Алия ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды (2015ж).

img_7207Айман  Закуановна Ташенова

Білімі:    жоғары (Павлодар педагогикалық институты, 1986 ж.) Санаты    жоғары. Лауазымы –   математика және физика пәнінің мұғалімі. Жалпы педагогикалық өтілі  27.  Айман Закуановна пән бойынша қажетті теориялық және әдістемелік білімі бар тәжірибелі мұғалім. Жұмыс барысында үнемі ізденісте. Курстарды өту (нақты және қашықтық), облыстық, республикалық және халықаралық семинарларына қатысу, озық тәжірибелерді зерттеу, әріптестерімен ой алмасу, әдістемелік әдебиеттерді оқу, пән бойынша жазылымдарды алу , Интернет мүмкіндіктерін қолдану арқылы  өз біліктілік деңгейін арттыруда. Сабақтарында оқушылардың өздігінен жұмысына үлкен мән береді. Білім сапасын арттыру мақсатында ақпараттандыру технологиясын, Блум жүйесін қолданады.Ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар қажетті деңгейінде өткізілді. Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра,  білім беру саласында түрлі технологиялардын  ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдануды көрсете біледі. Айман Закуанқызы  cтандарт талаптарына сай оқытып,  жан-жақтан хабары бар, болашаққа сеніммен қарайтын, қоғам сұранысына қажетті білімі, дағдысы бар маман.

 Жұмыс тәжірибесімен бөлісу:

 2013 жылы  «Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыпты 3 сабаққа арналған сабақ  жоспарын  құрастырды.  Алгебра, 7 сынып;  ИнЕУ-нің «Математика және ақпараттық технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Ж. Қ. Даниярованың рецензиясы бар. «Айналу денелер. Цилиндр. Конус.»  тақырыпты  9 сағатқа арналған, 11 сынып дидактикалық материалдарды құрастыры. Геометрия. 11 сынып. ИнЕУ-нің «Математика және ақпараттық технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Ж. Қ. Даниярованың рецензиясы бар.  2014 жылы Геометриядан «Айналу денелер. Цилиндр. Конус.»  тақырыпты   дидактикалық материалы «Математика Қазақстан мектебінде»  журналында жарияланды, № 4, 2014 ж. 2015 жылы Физикадан «Физикадан алатын білімдерін,іскерліктерін, дағдыларын тексеру және ұймдастыру» оқу-әдістемелік нұсқаулықты құрастырды. Павлодар облысы ББ білім және тәрбие жәнінде дамыту инновациялық орталығының әдіскері Н.Н. Жармагамбетованың рецензиясы бар.

Интернет желісінде халықаралық сайттарында жарияланған жұмыстары:

2014 жылы: videouroki.net сайтында «Айналу денелер. Цилиндр. Конус.»  тақырыпты  3 сабаққа арналған оқу парақтары; куәлік №98676342; 2015жылы:  Metod-kopilka.ru сайтында «Формула квадрата разности двух выражений» сабақ жоспарын; куәлік №035415; мұғалімдер сайтында «Разработка дополнительного материала по математике» әдістемелік материалын, куәлік №0313676;  «Өзара кері сандар» тақырыбына сабақ жоспары, куәлік №0414213.

Мұғалімнің сайыстарда, олимпиадаларда қатысу нәтижесі :

 жылы математикадан І республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, аудан бойынша ең үздік нәтиже көрсетті, сертификат №67117;  жылы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты  облыстық конкурсына ҰБТ-ге дайындауға арналған оқу құралын ұсынып катысты, Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының сертификаты №  IVIO-01K112166;  2015 жылы математикадан bs-press.kz сайттағы математикадан қашықтық олимпиадасының  ІІ дәрежелі диплом иегері.

Оқушылармен  жұмысының нәтижелері:

2014 жылы:  Республикалық интеллектуалдық марафон “Ақбота-2014”  3 оқушы қатысып сертификаттар алды.  Халықаралық интеллектуалдық сайыс  “Кенгуру-2014”, 1 оқушы сертификат алды;

2015 жылы: Математика және физика пәндерінен халықаралық қашықтық олимпиадасы І (21 адам ), ІІ (5адам ), ІІІ (4 адам) орындарға иеленген оқушылар мен студенттер  дипломдарын, ал қалған қатысушылар сертификаттар алды. Барлығы 38 адам қатысқан.   2016 жылы Аудандық ғылыми жобаларды қорғау сайысында 8 сынып оқушысы Құмыролла Құрманғазы ІІІ орын иегері. Мұғалімнің жетістіктері:2015 жылы: өзінің жеке сайтын ашты,  «infourok» жобасының сертификаты № 83095.  «infourok» жобасының  жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғысын алды.

img_7229Оразбаева Зура Сапарбековна

Туған жылы:  27қараша 1972ж. Бітірген оқу орны:   Павлодар Университеті. Лауазымы:  Педагог-психолог. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 22жыл. Еңбек өтілі:      15жыл. Осы мекемедегі еңбек өтілі:           22жыл. Марапаттары:  Облыстық білім беру басқармасының II дәрежелі диплом «Жылдың үздік  психологы»2014жыл «Қазақстан ұстаздар қоғамы» республикалық сырттай шығармашылық байқауда «Педагог-психологтың презентациясы» Алғыс хат тіркеу №1122 13мамыр 2016жыл «Қазақстан ұстаздары» республикалық қашықтық олимпиададан II орын диплом №31011 13 мамыр 2016жыл «Қазақстан ұстаздары» республикалық қашықтық олимпиададан II орын диплом №40883 14 қазан 2016жыл.

%d0%ba%d1%8b%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d1%82Елубаева Кымбат Ахметоллаевна

       Кымбат Ахметоллаевна  информатика пәнінің мұғалімі. Білімі  жоғары, еңбек өтілімі 2 жыл. Санаты жоқ. 2015 жылы 18-21 мамыр аралығында «PascalABC.NET ортасында программалау негіздері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын табысты аяқтады.   2015 жылы 2016 жылы 15-17 ақпан аралығында «Adobe Captivate бағдарламасында электрондық ресурстарын құру» тақырыбы бойынша, 26-27 мамыр аралығында «AutoPlay Media Studio бағдарламасы ортасында электрондық оқулықтарды жасау» оқыту семинарын табысты аяқтады. 2016 жылы  «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, үздік бейнесабақ» облыстық дистанционды конкурсында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  2016 жылы «Ең үздік интербелсенді сабақ» педагогикалық идеялар Интернет фестиваліне  қатысып,  сертификат берілді.       2016 жылы «Білімді ел – мәңгі ел» атты білім беру қызметкерлердің тамыз конференциясының секциялық отырысына қатысып, сертификатқа ие болды.  2016 жылы «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  білім беруде» атты облыстық конкурсына оқушыны дайындаған үшін сертификат табысталды.   2016 жылы  Май аудандық маслихаты атынан Алғыс хатпен марапатталды.  2015 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  12-14 жастағы білім алушылардың арасында компьютерлік графикадан «Сыйқырлы қылқалам» тақырыбында сырттай өткізілген байқаудың «компьютерлік суреттер» номинациясының ІІІ дәрежелі дипломмен Жағыпар Ғабдылғазиз марапатталды.             2015 жылы «Компьютер әлемі» тақырыбындағы Республикалық байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен Болатов Раимбек марапатталды.   2016 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  өткізілген  «Bebras -2016» атты халықаралық конкурсында ІІІ дәрежелі дипломға ие болған: 6 сынып оқушысы Карабаев Мухаммед, 4 сынып оқушысы Садыр Арыстан, 5 сынып оқушысы Өмірзақ Рахим.    2016 жылы информатика пәні бойынша  ІІ Республикалық дистанционды BS-PRESS олимпиадасында І орынды иеленген  Омарова Айым, Нурманов Нуржан және Мустафина Алтынай І орынмен марапатталды.      2015 жылы  «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған информатика пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, Айтахан Ақбота, Касымжанов Алим ІІ орынды иеленді. 2016 жылы «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  білім беруде» атты облыстық конкурсына оқушыны дайындаған үшін сертификат табысталды. 2016 жылы «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  білім беруде» атты облыстық конкурсында 7 сынып оқушысы Жағыпар Ғабдылғазиз ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.

 

 

 

Add a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.