Ата-аналарға арналған кеңес

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

«Ұялшақтық пен тұйықтықтан

қалай арылуға болады?»

-Адамның өз мүмкіндіктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі- ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады.Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді.Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Балаңыздың қай ісіне де қолдау танытыңыз, міндетті түрде мадақтап, ынталандырыңыз.Бұл сенімді болуына көмектеседі.Мадақтау - ұялшақтықты жеңудің     бірден-бір жолы.Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек.Өз көзқарасын дәлелдеп шығуға дағдыландырғаныңыз жөн. Жұмыстан қанша шаршап келсеңіз де,балаңызға уақытыңызды бөліңіз.Сүйіспеншілік пен ізгілік аясында ержеткен бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек.

 

Балаңызды сүйсеңіз, бұлай етпеңіз...

 

  • Балаңызды қалай тәрбиелеп жүрсіз, соған мән беріңіз.
  • Балаға тек қамқорлық жасап қана қоймай,оған нақты іс-әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз.
  • Қателігі үшін баланы кемсітпеңіз, ұрыспаңыз,тілдемеңіз.Оған мұның қате екенін түсіндіріңіз.
  • Баланың көзінше ұрысып-керіспеңіз.Ол бала психикасына ауыр әсер етеді.
  • Балаға уақыт бөліңіз,оған көмектесіңіз,жағдайын,жаңалықтарын біліп, әңгімесін тыңдауға уақыт табыңыз.Әйтпесе араңыз суиды.Бұған жол бермеңіз.
  • Баланы мәпелеп-еркелетіп қана қоймай, оны сыйлай, түсіне біліңіз.
  • Балаға мәселені шешу жолын көрсетіңіз,өмірлік тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Балаға өмірден өз орнын табуына көмектесіңіз, мақсат көрсетіп, оған жету жолдарын үйретіңіз.Оны бақытты,табысты ететін жолды көрсетіңіз, содан ұмтылуға бейімдеңіз.

 

Attachments:
Download this file (Нұсқаулық.pdf)Нұсқаулық.pdf[ ]713 kB