«БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция

Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 20 мамырынан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция бастау алады.
Халықаралық балаларды қорғау күнін Қазақстан Республикасында кең көлемде атап өту әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттік көңіл мен қамқорлықтың басымдылығын, Қазақстанның қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін орындауға деген ұмтылысын растайды.
Акцияның мақсаты - мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аударуда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін біріктіру. «Барлық жақсылық - балаларға» ұраны барлық мерекелердегі негізгі қағида болып табылады.
Республикалық акция қоғамға ұлты, жынысы, діні, әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан ӘР БАЛАҒА ерекше күтім жасау қажеттілігі туралы ескерту болуы керек.
Ерекше назар қиын жағдайдағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларға аударылады.
Республиканың барлық аймақтарында тақырыптық блоктарға біріктірілген қашықтық форматтағы келесі іс-шаралар өтеді: «Бала мен отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы, адамдардың құқығы», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жолым!», «Қоғамның балалық шақты қорғауы», «Үздік болу құқығы», «Құқықтық сағат»,«Қазақстан балалары спортты таңдайды!». Акцияның барлық бағыттары қоғамдық санада «бала», «балалар», «бақытты балалық шақ», «әр бала отбасында өмір сүруі керек», «балалардың құқықтарын қорғау», «құқықтар мен міндеттер» ұғымдарының құндылықтарын нығайтуға және белсенді балаларды тәрбиелеуге бағытталған. Акция белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді, мақтаныш сезімін, елдің жетістіктеріне қатысуға, өз халқының, қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге, өмірлік бағытты дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралардың бейнелері мен фотоларын Youtube-тың