15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні

 

Май ауданы Көктөбе орта мектебі. "Менің Отбасым" тақырыбында қашықтықтан өткізіліп жатқан халықаралық отбасы күніне "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. . Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті."Отбасымен өткізген қызықты сәттерім" тақырыбында фото жинақ өткізіліп жатыр. Мақсаты: Отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсінік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.