"Облыстық сырттай оқу мектебінің онлайын мини олимпиадасы"

«Облыстық сырттай оқу мектебінің онлайын мини олимпиадасы» Өнірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ертіс дарыны» 2020 жылғы 19-20 мамыр аралығында 8 пән бойынша: математика, физика, химия, география және биология, орыс тілі, қазақ тілі, Қазақстан тарихы облыстық сырттай оқу мектебінің қашықтық мини-олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау, ауылдық мектеп оқушыларының теориялық білімдерінің деңгейін көтеру және практикалық дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Олимпиадаға облысымыздың ауыл мектептерінің қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 8-10 сынып оқушылар қатысты.
Қашықтық олимпиадасына Көктөбе орта мектебінен 13 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде математика пәні бойыншаІ-ші орында – Кульжанова Далия, Маралбек Жанерке, Марат Аружан, Сапина Аружан , Абдраманова Асель, Оразханова Камила, Омарова Айым ал орыс тілі пәні бойынша ІІІ-ші орында – Танатарова Гульназ, қазақ тілі пәні бойынша ІІІ-ші орындаТолеухан Нұрқадиша оқушылары.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда сәттілік тілейміз!