"Teacher office" кабинеті
Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке тағзым» акциясына 2000 жылы бітірген түлектері өздерінің алтын ұя мектебіне жаңа модификациялық үлгідегі "Teacher office" кабинетін жиһаздарымен сыйға тартты. Ашылу рәсімін қонақтарымыз зейнеткер ұстаздар Ғ.Қ. Адилова мен Р.О. Зилькенова жасап, өздерінің жақсы лебіздерін түлектерге жеткізді. Бұл мектеп үшін игі бастама болды. Мектеп директоры С.О. Зилькенов түлектерге ұжым атынан үлкен алғысын білдіріп, әрқайсысына отбасының амандығын және жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеп шын жүректен ризашылығын айтты. Бұл игі істер алдағы уақытта жалғасын табатындай әрбір мектеп түлегіне үлгі-өнеге болары сөзсіз. Мектеп ұжымының атынан Сіздерге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, зор денсаулық, мол қуаныш, ұзақ ғұмыр тілейміз!