"Біз біргеміз" акциясы

"Біз біргеміз" акциясы барысында Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы да қалыс қалмады. Май ауданының ауруханасына өз көмектерін көрсетті. Елдің басына қандай қиыншылық туса, қол ұшын беруге, көмектесуге мектебіміздің əр адамы, əр ұстазы, əр жұмыскері көмекке дайын. Біз біргеміз, сондықтан да іргеміз əркез берік екенін көрсетейік, достар. Барлық ұжымға айтар алғысымыз шексіз, БІЗ БІРГЕМІЗ!