IQanat» олимпиадасының 2-ші кезеңі

«Май аудандық білім бөлімінің» ұйымдастыруымен 2020 жылдың 24 маусым күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп базасында аудан мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін республикалық «IQanat» олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: қабілетті ауыл оқушыларын анықтау, оларға қолдау көрсету, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, олимпиаданың барлық кезеңіне қатысып, жеңімпаз болған оқушылар мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсерде олар үшін үлкен жеңілдіктер де қарастырылған. Қатысқан оқушылар математика ,ағылшын тілінен сынақ тапсырды. Белгілі бір тақырыпта эссе жазды. «IQanat» олимпиадасына Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп бойынша барлығы 8 оқушы қатысты. Оқушылар «IQanat» олимпиадасының тапсырмаларын 3 сағатта орындап шықты және оқушылардың қызығушылығымен ынтасы жоғары болды.