IQanat олимпиадасы жеңімпаздары
IQanat олимпиадасы -жаңа білім беру бағдарламасы қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр. IQanat қорының негізгі мақсаты - Қазақстанның ауыл мектептерінің қабілетті оқушыларын анықтау және қолдау, олардың отандық және халықаралық жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру. Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің тоғызыншы сынып оқушылары оған тегін қатыса алады.
Ауыл мектеп оқушыларына қолдау көрсету бағдарламасы аясында IQanat олимпиадасының республикалық 2-ші кезеңіне іріктелген оқушыларға грамматамен арнайы сыйлықтарын табыс етілді. Сол оқушылар қатарында Май ауданы Көктөбе орта мектебінің 10-сынып оқушылары Оразбай Әйгерім мен Муратова Нұрай 3-ші кезеңге жолдама алды. Осы оқушылар Капшағай қаласында өтетін 3-ші кезеңіне жолдама алды. Осы оқушыларға сәттілік тілейміз.