Бірыңғай жалпы республикалық "Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?" ата-аналар жиналысы

2020 жылдың 17 қыркүйекте сағат 16.00- де мектеп директоры С.О.Зилькенов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Солтанова ұйымдастыруымен 1-11- сыныптардың ата-аналарына бірыңғай жалпы республикалық "Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?" тақырыбында Zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: Қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру.
Өткізу форматы: қашықтан. Ата-аналарға сілтемелер алдын-ала жіберілді.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2)Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
3) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
4) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
5) Баланың оқу режимі және демалысы.
6) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?