"Тұмаудың алдын алу жолдары"
Аудандық аурухана қызметкерлері кезекші сыныпта оқитын бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері "Тұмаудың алдын алу жолдары" тақырыбында түсіндірме жұмысын ұйымдастырды.Оқушылармен жаттығулар жасап, оның пайдасы туралы, дұрыс тамақтану, дәрумен мол пайдалы тағамдар жеу туралы ұсыныстар айтты.
Мектеп қызметкерлеріне "Вирустық гепатиттің алдын алу жолдары" туралы мәліметтер беріп, жеке қойылған сұрақтар жауап беріп, медициналық алғашқы көмек көрсету туралы мәліметтер берді.