Көктөбе мектебінде Ресурстық орталықтың қашықтықтан бастапқы сессиясы ұйымдастырылды.
2021 жылы қазан айының 13-15 күндері аралығында Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде ресурстық орталықтың қашықтықтан бастапқы оқу сессиясы өткізілді.Сессияның жұмысы басталу барысында оқушыларды жігерлендіру мақсатында «Мотивация» 3D анимациялық ролик көрсетуден басталып, оқушылардың өзара ынтымақтастығын, психикалық қысымды сергітетін және бастамашылдығын арттыратын түрлі онлайн тренинг ұйымдастырылды. Оны Көктөбе орта мектебінің психологі Оразбаева З. С сәтімен жүргізді.
Сессия барысында магнитті мектептердің оқушыларынан бастапқы бақылау жұмыстары алынды. Бекітілген шағын жинақтық мектептер жаратылыстану - математикалық бағытында болғандықтан математика, физика, химия, биология, география пәндерінен күнтізбелік – тақырыптық жоспарларға сәйкес сабақтар өткізілді.Ресурстық орталықтың мұғалімдері оқушыларды таңдау пәндері бойынша бірнеше топқа жіктеп, яғни математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша бөліп, қызметтерін сапалы атқарып шықты. Бекітілген кесте бойынша биология пәні «Адам анатомиясы », математика пәні бойынша «Математикалық сауаттылық бойынша күрделі есептер шығару », химия пәні бойынша «Химиядан күрделі есептер шығару» ,физика пәні бойынша «Физикадан кинематика тарауына есептер шығару», география пәні бойынша «Саяси картаның сандық және сапалық сипаты» тақырыптарында сабақтар жүргізілді.