"Юниор" олимпиадасында ІІІ орын
2022 жылы 4 ақпан күні Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде онлайн режимінде жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді.
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу қорытындысы бойынша химия пәнінен 8-сынып оқушысы Қожабек Зере жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: химия пәнінің мұғалімі Кабенова Алмагуль Социаловна.Жеңімпаз тұғырынан көрінген Зереге шығармашылық табыс тілейміз!