АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі әлеуметтік педагог лауазымына (уақытша декреттік демалыста) ашық конкурс жариялайды. (мекен-жайы: Көктөбе селосы, Әйтеке би көшесі,47 телефон 87183891364, 87183891961, е- mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі- жалпы орта білім беру саласындағы білім берушілік қызмет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
1. Жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім.
2. 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі, Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.
3. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасының болуы
4. Сотталмағандығы туралы анықтаманың болуы
5. Наркологиялық ұйымнан анықтаманың болуы
6. Психоневрологиялық ұйымнан анықтаманың болуы
7. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді және педагогика мен психология негіздерін білу.
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:
Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Лауазымдық айлық еңбек ақысы- 121000 теңге
Конкурс Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ықылас білдірген азаматтар конкурстық комиссияға мынандай құжаттарды ұсынады:
1) Нысан бойынша өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) ;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурстық құжаттарды қабылдау мектеп сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Мекен-жайы: Көктөбе селосы, Әйтеке би көшесі, 47- үй, «Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы, анықтама телефоны:8(71838)91961.