Әдістемелік күн

    Көктөбе жалпы орта білім беру жетекші мектебі 2022 жылғы 2 ақпан күні серіктес мектептермен әдістемелік күн өткізді. Аталған іс-шараға серіктес мектептің педагогтері мен директордың орынбасарлары қатысты. Серіктес мектептер ұстаздарын әдістемелік сүйемелдеу мақсатында мектеп директорының орынбасарлары Изатова Салтанат Саулебековна мен Кабенова Алмагуль Социаловна "Мұғалімнің кәсіби жетілуі-білім беру жүйесін жаңартудың негізі" тақырыбы аясында білім беру ұйымдарында педагогтер, мектеп басшылары және орынбасарларын аттестаттау қағидалары, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тәртібі бойынша тәжірибелерімен бөлісті.