ОБЛЫСТЫҚ "МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

89466.jpg

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 8-11 сыныптар арасында "Мәшһүр Жүсіп оқуларының" облыстық кезеңі 5 сәуір күні өтті. Маңызды іс-шараның басты мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпаққа тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. Сайыс 4 бағыт бойынша өтті. Мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Қойшыбек Нұрбақ 4-бағыт "Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері" (сипаттау) бағытында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Мұғалімі: Дюсенбаева Даура Кайратовна
Құттықтаймыз!