"Мың бала" республикалық олимпиадасы

Сәуірдің 5-сі «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі басталды. Ол логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға бағытталған 40 тапсырманы қамтиды. Тестілеу онлайн-форматта өткізіледі. Өту уақыты-90 минут.

Сондай-ақ, тестілеу кезеңінде сағат 9.00-18.00 аралығында қазақ және орыс тілдерінде техникалық қолдау олимпиада сайтында орналасқан чат-консультант арқылы және 8 800 080 48 48 call орталықтың нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) жүзеге асырылады.

Тестілеу нәтижелері 2 апта ішінде өңделеді және жарияланады. Екінші кезеңге өткен финалистерге СМС хабарлама жіберіледі, сондай-ақ барлық қатысушылар жеке кабинетте ұпайларды көре алады. Мектеп бойынша 5-6-сынып оқушыларынан жалпы 46 оқушы олимпиадаға қатысты.