"Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдылары мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру" аудандық семинар
Май ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен 7 сәуір күні Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде "Көктемгі мектеп" аясында ауданның бастауыш сынып мұғалімдеріне білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою жолдарын көрсету, шапшаң оқу және көркем жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында аудандық семинар өткізілді. Сонымен қатар "Алтын қалам" бастауыш сынып оқушылары дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Семинар барысында А. Иманов атындағы бастауыш сынып мұғалімі Г.С. Смагулова "Бастауы шмектеп - білім мен ғылымның бастауы" тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдері республикалық съезі туралы айтып өтті. Е. Мукашев атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі О.Б. Жумадилова мен Көктөбе ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Б.М. Кадылкумарова "Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу және көркем жазу дағдыларын қалыптастыру" тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісу арқылы озық тәжірибелерін ұсынды.
Семинарға қатысушылар бастауыш сыныпта оқыту мәселелері бойынша диалогтік ашық алаңында әдістемелік ұсынымдар берілді. Соңында бастауыш сынып мұғалімдері семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.