Ресурстық орталықтың аралық сессиясы ұйымдастырылды.
Көктөбе мектебінде Ресурстық орталықтың аралық сессиясы ұйымдастырылды.
Директордың инновация жөніндегі орынбасары А.Кабенова Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде ресурстық орталықтың аралық сессиясын өткізуді ұйымдастырды. Аралық сессия жұмысына магниттік мектептерден 40 оқушы қамтылды.Оқушылардың өзара ынтымақтастығын, психикалық қысымды сергітетін және бастамашылдығын арттыратын тренинг-жаттығулар ұйымдастырылды.Топтық тәжірибелік әдістемелер- оқушылардың өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге,таныс емес ортада қарым-қатынас жасау мәдениетіне, жаңа ортада тез бейімделуіне әрекет ете білуіне бағыттар берілді. Оны Көктөбе орта мектебінің психологі Оразбаева З. С сәтімен жүргізді.Бекітілген шағын жинақтық мектептер жаратылыстану - математикалық бағытында болғандықтан математика, физика, химия, биология, география пәндерінен күнтізбелік – тақырыптық жоспарларға сәйкес сабақтар өткізілді.Ресурстық орталықтың мұғалімдері оқушыларды таңдау пәндері бойынша бірнеше топқа жіктеп, яғни математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша бөліп, қызметтерін сапалы атқарып шықты.