МАЙ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҰМЫТЫЛСЫЗ БІЛІМ КҮНІ.

 

 

  

 

15 сәуірде Павлодар облысы Май ауданының полиция бөлімінде «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы аясында Көктөбе орта мектебінің оқушылары үшін ашық есік күні өтті. Бұл шараның мақсаты – мектеп оқушыларын құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, полиция қызметкерлерінің беделін арттыру, патриоттық сезімін ояту.
   Полицейлер балаларға танымдық экскурсия ұйымдастырды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қарулары мен арнайы құралдарын балалар өздеріне сынап көруге мүмкіндік алды, бұл ешкімді бей-жай қалдырмады.Сондай-ақ балаларға қызметтік иттің қыр-сырын көрсеткен полиция аға сержанты Қалкен Айзаттың «АКИРА» атты қызметтік итіне де жауапты болғанын балалар қызыға тамашалады.