"BALAQORGAU" БАЛАЛАРҒА КӨМЕК ТАҚТАЙШАСЫ ІЛІНДІ

Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Менің Атамекенім" ҚБ-мен бірлесіп, Қазақстан оқушылары мен олардың ата- аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша "Bala Qorgau" - "balaqorgau" веб-сайты (бұдан әрі - Сайт) жобасын іске қосқанын хабарлайды.
Сайт оған тақтайшадан QR кодын сканерлеу арқылы кіре отырып, мектепте және көшеде қиындықтарға тап болған мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына көмектесуге арналған.Сондай-ақ, нысанды толтыру арқылы балалар қажет болған жағдайда олармен байланысатын мамандармен жеке кеңес алуға өтініш бере алады.