"ЕРЛІК САБАҒЫ"
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Көктөбе мектебінде Май ауданынан Ауған соғысына қатысқан Интернационалист жауынгер жерлестеріміз Тлеубаев Оразбек Каратайұлы, Зарыкканов Нұржан Тлегенұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: жауынгерлеріміздің ерліктерін, отансүйгіштік қасиеттерін, ауған жерінде өткізген кезеңдерінің елеулі сәттерін жеткізе отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге баулу.
Салтанатты жиынды мектеп директорының м.а. Шакиев С.К алғыс сөзімен басталып, мектеп оқушылары әзірлеген мерекелік концертпен ұласты.
Әскери борышын атқарған кездерін еске алып, оқушыларға бастарынаң өткен оқиғаларымен бөлісті.
Мектеп шаруашылық меңгерушісі жергілікті ақынымыз Адамжанов Ж.Ж. Ауған соғысының ардагерлеріне арналған өлеңін оқыды.
«Ел қорғаны-Ел болар» деген атаумен мектеп кітапханашысы: Тлеумова О.К. көрме ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқушылар белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Біздің ауылымыздың ауған соғысына қатысқан азаматтарының жастарға берер тәлімі мен тәрбиесінің орны ерекше.Олардың ерлікке толы өмірін үлгі тұтып, Отанға деген сүйіспеншілігін ұмытпаймыз.Мерекелік іс-шарадан кейін ардагерлерге мерекелік дастархан жайылып, сый құрмет көрсетілді.