Отан қорғаушылар күніне орай кездесу өтті
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және Отан қорғаушылар күніне орай аудандық кітапханада Тәжік – Ауған шекарасында бітімгерлік ротасында Отан алдындағы әскери борышын атқарған жерлестеріміз Аханбаев Найзабек және Бекенов Қуатпен кездесу өтті. Шараға Көктөбе орта мектебінің оқушылары қатысты.