АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдауды, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызға дейін жүргізілетінін хабарлайды. Мектепке 6 жасқа толған және осы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Құжаттар «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады.
Ата-аналардың электрондық форматта тапсыратын құжаттары:
• Мектеп директорының атына өтініш;
• Баланың туу туралы куәлігі
• Баланың медициналық паспорты (Ф-063, Ф-026)
• 3х4 сурет (2 дана)