«Жас Қыран – болашақ «Жас Отан»

«Жас Қыран – болашақ  «Жас Отан»

           20150430 11225130 сәуір  күні  Көктөбе жалпы  орта білім беретін мектебінде «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына 1 сынып оқушыларын қабылдау салтанаты өтті.  Салтанатты шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының әуенімен мектебіміздің белсенді «Жас ұлан» ұйымы мүшелері ұстаған Мемлекеттік   туынының кіргізілуімен басталды. Шараның ең маңызды кезеңі - оқушылардың мойнына туымыз түстес көк галстук тағу құрметі 2015 жыл түлектері  11 сынып  оқушыларына берілді. 

             Ұйым қатарына қабылданған соң,  1 сынып оқушылары мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болуына міндеттейтінін сезінген оқушылар  «Жас ұлан» Антын беріп,  «Жас ұландар әнін» шырқады.