1 мамыр- Ынтымақ пен бірлік күні!

    20150501 093639                                                                                                                       1 мамыр барша қазақстандық үшін бірлік пен ынтымақтастықтың мерекесі. Осы атаулы күнде Көктөбе  ауылында   негізгі мерекелік шара «Тәуелсіздік»  алаңында ұйымдастырылды. Көктөбе  жалпы орта білім  беретін  мектеп оқушылары  мен ұжымы  транспораттар мен  гүлдер  ұстап,  шеруге  шықты.  Мектеп  оқушылары  ұйымдастырылған  театрлық  қойылымдарға  белсене  қатысты.   Мектеп  ұжымы    неміс  халқының  этно-мәдени орталығы болып  сахнада  неміс  тілінде   сәлемдесіп,  ән  айтып, би биледі.  Көрермендердің  көңілдерінен  шықты.

         Барлық ұлт пен ұлысты бір үлкен қара шаңырақтың астына жинаған Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің барлық өңірлерінде аталып өтуде.