«Ұлы бабалар тағлымы»
Көктөбе жалпы орта білім беретін бастауыш мектептің 3ә сыныбында «Ұлы бабалар тағлымы» атты тәрбие сағаттар өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты - «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
Сынып оқушылары 9 мамыр Жеңіс күніне байланысты тақпақтар, көптеген көріністер мен әндер айтылды. Сынып ұлдарының орындауында «Сапқа тұр», «Катюша» әскери билерді билеп мереке сәнін аша түсті.
Ұлы отан соғысының хас батырлары, қос жұлдызы Әлия Молдағұлова, мен Мәншүк Мәметоваға арналған өлең- жыр жолдарын мәнерлеп оқып, сонымен қатар «Мәншүк апай», «Ұландар жыры» әндерін шырқап қонақтарды қуанышқа бөледі. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы секілді қазақтың батырларын ерліктері жайында әңгімелеп еске алды. Мерекелік концерттік бағдарламаның соңында соғыс жылдары Мәскеуді ерлікпен қорғаған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфиловшылар ерліктері жайында көрсетілімдер ұсынылып , балалар хормен «Жиырма сегіз батыр», «Жеңіс туы желбіреп» әндерін шырқады.Тәрбие сағаты соңында ата-аналар Сынып жетекшісі Ғалия Тұрсынтайқызына алғыстарын білдіріп мерекелік көңіл-күймен тарасты.
КЖОББМ музыка пәні мұғалімі
К.С.Насырова.