Соңғы қоңырау!
Бүгін барлық өңірлерде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтуде. Май ауданындағы салтанаттыүлкен шара Көктөбе жалпы ортабілім беретін мектебінде орыналды. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Е.Аханбаев, Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Ш.К.Қайырбек білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен мектеп түлектері қатысты.
Алдымен жас түлектерді мектеп директоры С.О.Зилькенов құттықтап, сөз сөйледі. - Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз, - деді. Шара барысында 4 «А» гимназия сынып оқушылары орындауында «Достық» биі және 7 «А» гимназия сынып оқушыларының орындауында «Қазақстан» әсем ән, 1 сынып оқушыларының аға-әпкелеріне деген лебіз жырлары, «Жыл үздіктерін» және Халықаралық «Кенгуру- математика» атты конкурсында Нурманов Нұржан мен Габдуллмаликов Рифат дипломдармен марапатталып, мектеп түлектерінің салтанатты шеруі тамашаланды.