
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі логопед лауазымына ашық конкурс жариялайды. (мекен-жайы: Көктөбе селосы, Әйтеке би көшесі,47 телефон 87183891364, 87183891961,This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
)
Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі- жалпы орта білім беру саласындағы білім берушілік қызмет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
1. Жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім.
2. 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі, Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.
3. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасының болуы
4. Сотталмағандығы туралы анықтаманың болуы
5. Наркологиялық ұйымнан анықтаманың болуы
6. Психоневрологиялық ұйымнан анықтаманың болуы
7. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді және педагогика мен психология негіздерін білу.
Логопедтің лауазымдық міндеттері:
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаларын дамытады.
Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларына диагностика жасайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды.
Мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды түзету және қалпына келтіру және мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады.
Балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға кеңес береді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады. "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын іске асырады.
Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады.
Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық айлық еңбек ақысы- 116900 теңге
Конкурс Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ықылас білдірген азаматтар конкурстық комиссияға мынандай құжаттарды ұсынады:
1) Нысан бойынша өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) ;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурстық құжаттарды қабылдау мектеп сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Мекен-жайы: Көктөбе селосы, Әйтеке би көшесі, 47- үй, «Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы, анықтама телефоны:8(71838)91961