«БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция

Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 20 мамырынан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция бастау алады.
Халықаралық балаларды қорғау күнін Қазақстан Республикасында кең көлемде атап өту әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттік көңіл мен қамқорлықтың басымдылығын, Қазақстанның қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін орындауға деген ұмтылысын растайды.
Акцияның мақсаты - мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аударуда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін біріктіру. «Барлық жақсылық - балаларға» ұраны барлық мерекелердегі негізгі қағида болып табылады.
Республикалық акция қоғамға ұлты, жынысы, діні, әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан ӘР БАЛАҒА ерекше күтім жасау қажеттілігі туралы ескерту болуы керек.
Ерекше назар қиын жағдайдағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларға аударылады.
Республиканың барлық аймақтарында тақырыптық блоктарға біріктірілген қашықтық форматтағы келесі іс-шаралар өтеді: «Бала мен отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы, адамдардың құқығы», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жолым!», «Қоғамның балалық шақты қорғауы», «Үздік болу құқығы», «Құқықтық сағат»,«Қазақстан балалары спортты таңдайды!». Акцияның барлық бағыттары қоғамдық санада «бала», «балалар», «бақытты балалық шақ», «әр бала отбасында өмір сүруі керек», «балалардың құқықтарын қорғау», «құқықтар мен міндеттер» ұғымдарының құндылықтарын нығайтуға және белсенді балаларды тәрбиелеуге бағытталған. Акция белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді, мақтаныш сезімін, елдің жетістіктеріне қатысуға, өз халқының, қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге, өмірлік бағытты дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралардың бейнелері мен фотоларын Youtube-тың

Судағы қауіпсіздік сақтау

Snapshot 4

Су - адам өміріне қауіпті. Қауіпсіз көрінген тыныш судың өзі қатерлі болуы мүмкін. Сондықтан да әрбір адам уақытылы жүзіп үйрену, судағы қауіпсізідік ережелерін сақтау және зардап шеккендерге көмек көрсете алу керек.
Судағы демалыстың ең қауіпсіз орны - арнайы жабдықталған рұқсат етілген жағажай. Бос уақыттарыңызды судың жағасына өткізгілерін келсе, аса сақ болыңыздар. Балалардан көз алмаңыздар. Үнемі бақылап отырыңыздар. Балаларға судың адам өміріне қандай қауіпі бар екен жөнінде және судағы қауіпсіздік ережелері туралы жиі айтып отырыңыздар.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін. Әрқайсымыздың қауіпсіздігіміз өзімізге байланысты.

Адалдық сағаты

18.05 2020 жылы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде 9,10,11 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттің "Парасаттылық" департаменті директоры орынбасары Ғанижан Асанұлының "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбында бейнеролик арқылы "Адалдық сағаты" өткізілді.

15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні

 

Май ауданы Көктөбе орта мектебі. "Менің Отбасым" тақырыбында қашықтықтан өткізіліп жатқан халықаралық отбасы күніне "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. . Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті."Отбасымен өткізген қызықты сәттерім" тақырыбында фото жинақ өткізіліп жатыр. Мақсаты: Отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсінік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

Bala Qorgau