Сенбілік өтті

20141011 104703

Сенбілік өтті

 

Қазанның 11-і күні мектепте сенбілік өткізілді. Барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдер сенбілікке шығып, мектеп ауласы мен мектеп аумағын тазартты.

"Өзін-өзі басқару" күні

"Өзін-өзі басқару» күні

 

IMG 4503Ұстаздар күні қарсаңында біздің мектепте "Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Мектеп кіре берісінде әдеттегідей кезекші мұғалімдер мен директор орынбасарлары емес, тек оқушылар ғана тұрды. Келген мұғалімдерді қарсы алып тұрды.

толығырақ

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

20141010 1921442014-2015 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Мектеп және отбасы» атты тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.   Ата-аналар мен мектеп арасында тепе-тең достық қарым-қатынас құру,  оқушы мен сынып жетекші  арасындағы ынтымақтастықта жұмыс жүргізу,ұлттық педагогикалық мәдениетін жоғарлату мақсатында мектеп психологы Оразбаева З.С., бастауыш сынып мұғалімі Мұнсызова Н.Қ. және ДТЖО Р.С.Муслимова тақырыпқа сай баяндамаларын оқыды.

ДТЖО Р.С.Муслимова

 

 

 

Асыл ұстаз- ұмытылмас мәңгілік

«Асыл  ұстаз - ұмытылмас  мәңгілік»

    Ұстаз... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз.    Сірә, бұл пәни дүниеде ұстазын ұлық тұтып, ардақтамайтын жан жоқ шығар.   Кемеңгер дана да , ғұлама  ғалым да оның алдында бас иіп тағзым ететіні елдің бәріне де аян.

толығырақ

Bala Qorgau