«Біз бақытты баламыз!»

«Біз бақытты баламыз!»

                Біздің мектебімізде оқушылардың танымдылығын арттыру мақсатында көптеген   іс-шаралар өтеді. Соның бір айқын дәлелі педагог-педагог Нуржамал Өмірбекқызы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Рыскул Сайлаубекқызының ұйымдастыруымен болған мерекелік шара.  Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағанына 20 жыл толуына орай  19-28 қараша аралығында  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өтті. Шара барысында акцияның мақсаты айтылып, ҚР -ның «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»  мағлұматтар беріліп, әр сыныптарда тәрбие сағаттары ұйымдастырылып,  оқушылар бақыт, туған жер, мектеп, Қазақстан туралы ән салып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, шығармалар жазылып, оқушылардың осы тақырыпта салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Май  ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің

9-сынып оқушысы  Тұяқ Қайша

Bala Qorgau